Бас тақырып

Аймақта жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі 22 мың адам бар

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында түрлі сауалдар жолданды. Оның ішінде өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың да мәселесі сөз болды.

Сурет dauletten.kz

Облыс әкімі аймақта мүмкіндігі шектеулі болғанымен, жұмысқа қабілетті 22 мың жан тұратынын баса айтты.

– Менде осы сала бойынша қызмет істейтін мүмкіндігі шектеулі кеңесшім бар. Әр тоқсан сайын жиын өткізіп, мәселелерді бірге талқылаймыз. Жалпы, 22 мың адамның 11 мыңы әр салада жұмыс істейді. Ал, қалғандары жұмыссыз. Егер, тұрақты жұмысқа орналасып, еңбек етемін деген ынтасы бар жан болса көмектесеміз. Биыл жыл басында жұмыссыз жүрген мүмкіндігі шектеулі 1000 адамды тұрақты жұмысқа орналастырамыз деген жоспар қойған едік. Қазір тиісті жұмыстардың нәтижесінде 1032 адамды әртүрлі бағытта жұмысқа орналастырдық. Бұнымен тоқтап қалмай, жұмысты әрі қарай жалғастырамыз – деді аймақ басшысы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button