Жаңалықтар

Аймақта көмірден тыңайтқыш өндірілуде

Шұбаркөл кен орны ауа райының бұзылуына және тотығуына байланысты пайдалануға жарамсыз болып қалған көмірді тыңайтқыш ретінде қайта өңдеп жатыр. Бұған дейін аталған кәсіпорын қолданысқа жарамайтын көмірді сыртқа шығарып тастап, құр үйінді ретінде сақтап келген.

Тыңайтқыш шығару үшін «Батыс» разрезінде қуаты бір ауысымда 1,5 тонна гумин өндіретін тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы салған. Қондырғыны салмас бұрын ғалымдармен бірлесіп, үлкен ғылыми жұмыстар атқарылған. Қазіргі таңда өнімді өнеркәсіптік ауқымда өндіру үшін қажетті құрылғылармен толық жабдықталған. Әрі Қазақстан нарығына шығару үшін барлық қажетті құжаттары да бар.  

– Бұл өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі маңызды экологиялық жоба. Өйткені бұрын тозған көмір үйінділер ретінде жинақталған болаты. Гуминді тыңайтқыштар – бұл табиғи органикалық заттардан – гуматтардан тұратын препараттар. Оларды барлық дерлік дақылдарды өсіруде қолдануға болады. Олар дақылдардың қалыптасуына, өсуіне және нығаюына оң әсер етеді, – деп түсіндірді «Шұбаркөл Көмір» АҚ ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының менеджері Елена Мартынова.

Өнім ауыл шаруашылығында сұранысқа ие болады деп болжануда. Көмір кәсіпорны көктемгі ағаш отырғызу кезінде өзінің жаңа өнімдерін пайдаланды. Компания Нұра ауданы Шұбаркөл ауылын және Қарағанды облысының басқа да елді мекендерін көгалдандыруға көмектеседі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button