Бас тақырып

Аймақта ертең жел күшейеді

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті ертең аймақта бұрқасын болып, жел тұратынын хабарлады.

Сурет baq.kz

Департаменттің хабарламасында:

– Ертең аймақтың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, – делінген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button