Бүгін таңертең Алматы-Екатеринбург тас жолында ақауы бар автобустан жолаушыларды шұғыл эвакуациялау болды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше автобус Астана-Шымкент бағытында келе жатқан. Республикалық тас жолдың 900-ші шақырымында көліктен техникалық ақау шығып, ондағы жолаушылар жақын маңдағы Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілген. Зардап шеккендер жоқ.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Видео: ТЖД