Жаңалықтар

Аймақ басшысының айрықша құрметі

        Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ аймағымыздың бір топ нәзік жандарын қабылдап, 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық мерекесімен құттықтады.
Шараға шақырылғандар қатарында білім, телеарна, денсаулық сақтау, мәдениет, мемлекеттік қызмет саласындағы ардагер әйелдер, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы секторының мамандары, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері, спортшылар, кәсіпкерлер болды.

Облыс әкімі шақырылған аруларды төл мерекелерімен құттықтап, облыстың экономика және әлеуметтік даму салаларындағы әйел азаматшалардың қосқан өлшеусіз үлесін тілге тиек етті. Сонымен қатар, еліміздегі гендерлік саясат пен отбасы институттарының күшейтілгені туралы жеткізді.
Өз кезегінде, шақырылған меймандар да аймақ басшысына деген алғыстарын білдіріп, өздерінің еңбек жолдары, жеткен жетістіктері турасында сөз етті.
Бұдан бөлек, салтанатты жиында облыс әкімі Рио-де-Жанейродағы ХХХІ Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықоваға пәтер кілтін табыс етті. Бұл баспана Еуразия Тобы (ERG) құрамына енетін «Шұбаркөл көмір» АҚ демеушілігі негізінде сатып алынған еді. Пәтер ауданы 65,4 шаршы метрді құрайды. Ал, орналасқан жері – облыс орталығындағы Ботаническая көшесінің бойында. Құны – 18 миллион 966 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, аймақ басшысы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыс етті. Сөйтіп, «Алтын алқа» алған аналардың қатарында Алена Асанбаева, Нұрсәуле Нұртазина, Надежда Хицко болса, «Күміс алқаға» қол жеткізгендер сапында Эльмира Төлеева мен Назгүл Сәрсенбаева да бар.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, мереке иелері естелік фотосуретке түсті.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.
Суретті түсірген
Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button