Аймақ басшысы Нұра ауданының тұрғындарымен кездесті
Нұра ауданында өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев пен басқарма басшыларының халықпен кездесуі өтті. Елуге жуық нұралықтар сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа форматтағы кездесу Нұра кентінің мәдениет үйінің үлкен залында өтті. Келушілер залында кезек ұйымдастыруға арналған электронды тақта орнатылды. Тұрғындардың өтініштерінің көпшілігі агроөнеркәсіп саласына қатысты болды.
Ауыл тұрғындары субсидияларды, жеңілдікті несиелерді қалай алуға болатынын нақтылады, сондай-ақ жайылымдық жерлердің жоқтығына шағымданды. Ермағанбет Бөлекпаев халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және жайылымға жер беру мәселесін шешуді тапсырды.
Зейнеткер Таңжарық Ақыжанов – туған ауылы үшін жаны ашитындардың бірі. Мұнда оның барлық жастық шағы өткен, ал қазір балалары мен немерелері тұрады. Кездесуде ол аудан орталығында жайлы мектептер салу қажеттілігі тақырыбын көтерді.
– Мен өз сұрағыма жауап алдым. Келесі жылы 600 орындық жайлы мектеп салынатынын білдім. Бұл қуанышты жаңалық! Маған бұл кездесу форматы ұнайды. Бұрын үлкен залда өте шулы болатын. Адамдар бір-бірін тыңдамайтын. Мұнда әкіммен және басқарма басшыларымен жеке сөйлесуге болады. Сұрақтар басқа мамандарға сілтеусіз шешіледі, – деді Танжарық Ақыжанов.
Шахарбану Жарқынбекова Нұрадағы екі қабатты үйдлердің бірінде тұрады. Ол үйлерін пеш жағып, жылытуға мәжбүр екеніе айтады. Кездесуде ол оншақты отбасының ортақ мәселесін көтерді. Оны 17 көппәтерлі тұрғын үйге арналған модульдік қазандық салу мерзімі қызықтырды.
– Менде бірінші топтағы мүгедекпін. Өз пәтерімді 2006 жылы алдым. Содан бері қыста пешпен алысып келемін. Көмір сатып алып қана қоймай, оны сарайға кіргізу, екінші қабатқа шелектермен тасу керек. Барлығымыз үнемі күл-түтіннен көз ашпайтынымыздан шаршадық. Сондықтан мен кездесуге келдім. Қуанышымызға орай, облыс әкімі келесі жылы біз үшін модульдік қазандықты жобалауды бастауға уәде берді, – дейді Шахарбану Жарқынбекова.
Кездесу шамамен екі сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде аудан тұрғындары ТКШ, медицина және білім туралы бірқатар сұрақтар көтерді. Барлық мәселелер мен ұсыныстар тыңдалып, олардың шешімі бақылауда болады, деді Ермағанбет Бөлекпаев.