Бас тақырып

Аймақ басшысы мен мәслихат төрағасының құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік – халқымыздың басты байлығы. Ол ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыздың жарқын арманы болып, ұлттық идеяға айналды. 1991 жылы 16 желтоқсанда халқымыздың аңсаған арманы орындалып, еліміз егемен мемлекет атанды.

Сурет: biosafety.kz сайтынан

Бүгінгі таңда Қазақстанда адамның құқықтары мен бостандықтары басты демократиялық құндылықтарымызға айналды. Тәуелсіздік күні біздің бірлігімізді, тұтастығымызды айшықтайтын маңызы ерекше күн. Тәуелсіздік қоғамдағы барлық өзгерістер мен реформалардың негізіне айналды. Сонымен бірге, ол біздің алдымызға мемлекеттілігімізді нығайтуға бағытталған маңызды мақсаттар мен міндеттерді қояды.

Жылдан жылға біз азаматтарымыздың әл-ауқатын жоспарлы түрде арттырып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды балабақшалар, мектептер мен ауруханаларды салып, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамытып жатырмыз. Мұның барлығы біздің Тәуелсіздігіміздің арқасында жасалуда. Тәуелсіздік – қоғамды бірлестіріп, оның дамуына ықпал ететін, алға қойған мақсаттарға жетуге үндейтін ұлы күш.

Құрметті тұрғындар!

Біз барлықтарыңызды осынау ұлы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық және өркендеу тілейміз. Еліміздің береке – бірлігі нығайып, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button