Бас тақырып

Аймақ басшысы кезекті рет Шахтинскке іссапармен барды

Бұған дейін аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинскке жылу электр орталығына барып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқан еді. Әрі тікелей өз бақылауында ұстайтынын айтқан-тын. Кеше Ермағанбет Қабдуллаұлы кезекті рет Шахтинскке іссапармен барып, жылу электр орталығының қысқа дайындығын тексеріп қайтты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Облыс әкімі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Сонымен қатар, станция басшылығы мен жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігерлерді тыңдады.

– Үшінші қазандықта жөндеу-монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Турбина учаскесінде де жұмыстар аяқталды. Тұрғындарға жылу беру сапасына әсер ететін төрт қазандық ашылып, бөлшектелді. Қазіргі уақытта құбыр байламдары жасалуда. Бұл өз кезегінде алдағы жылыту маусымында жылу энергиясының жақсы өндірілуіне септігін тигізеді. Адамдар жеткілікті. Жұмыстар кесте бойынша уақытымен жүргізіліп жатыр, – деді «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС техникалық директоры Абылай Сейдуәлі.

Одан бөлек, Шахтинскте жазда орамішілік және магистральдық жылу желілердің проблемалық учаскелері ауыстырылмақ.

Құбырлардағы жылу оқшаулағыш материалдар да қалпына келтіріледі. Ал, бұның бәрі жылу сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізеді.

Соңында Ермағанбет Бөлекпаев жұмыстың мерзімін ғана емес, сапасын да бақылауды тапсырды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button