Бас тақырып

Аймақ басшысы елордада өңірдің әлеуметтік дамуы жөнінде баяндады

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Астанада өткен орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» айтып берді. Аймақ басшысы «Костенко» шахтасындағы апаттан қаза болған кеншілердің мәселесін айтып, үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан тиісті шараларды атап өтті.

Сурет: Облыс әкімдігінің сайтынан

– Орын алған қайғылы оқиғаның мән жағдайы анықталуда. Қайтыс болған кеншілердің отбасыларына жауапты адамдар бекітіліп, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға, төлемақы төлеуге және күнделікті мәселелерін шешуге нақты қолдау көрсетілді. Әр отбасына жеке бардым. Көмек көрсету мәселелері бақылауымда, – деді Ермағанбет Қабуллаұлы.

Бүгінгі таңда барлық 46 отбасы БЖЗҚ-дан жерлеуге біржолғы төлем алды, кәмелетке толмаған және 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарында оқитын балалары бар 20 отбасына асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған. Мемлекет қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әрі қарай да қолдау көрсетілмек.

– «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өз тарапынан 44 отбасыға 10 жылдық жалақы төледі. Қаза тапқан кеншілердің, олардың жұбайының, ата-аналары мен балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ, жұмыс беруші пәтер сатып алады – әр отбасы мүшесіне кемінде 18 шаршы метр пайдалы алаң есебімен, 18 жасқа дейінгі балаларға сақтандыру төлемдері болады. Қазір зардап шеккен төрт адам медициналық мекемелерде ем алып жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа және жеңіл деп бағалайды. Пациенттер барлық қажетті медициналық көмекті алуда – деді аймақ басшысы

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button