Бас тақырып

Аймақ басшысы дауылдың салдарын жоюды тапсырды

Бүгін, 20 қарашада облыс әкімдігінде аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен аппарат отырысы өтті. Жиналыста облыс әкімі сала басшыларына нысандарға келтірілген барлық залалды тез арада, қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды.

Суреттер: Сайт мұрағатынан

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов облыстағы дауылдан кейінгі жағдай туралы баяндады. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында қатты желден электр жарығы жартылай үзілген.

– Қазір облыстағы елді мекендердің көпшілігі қайтадан электр қуатына қосылды, ал әлі жарық жоқ жерлерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Мұрат Қатпанов.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының өкілдері аймақ басшысынан жолдардағы қар қоршауларын жел ұшырып әкеткеніне байланысты қалпына келтіру жұмыстары үшін биліктен қандай көмек барын сұрады. «Егер бұл заң аясында мүмкін болса құзырлы органдар бұл өтінішті қарастырады» деді аймақ басшысы.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button