Бас тақырып

Аймақ басшысы қала тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында халықпен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған жеке мәселелеріне байланысты сұрақтарға да жауап берді. Сондай-ақ, жер учаскелері мен тұрғынүй бөлу, жеке сектордың жолдары және ТКШ мәселелері де сөз болды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Аймақ басшысымен кездесуге қала тұрғындары онлайн да қатысып, мәселелерін айтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Нәтижесінде, бірқатар мәселелер басшылықтың бақылауына алынды.

Кездесуде қала тұрғыны Динара Каукаева баспана мәселесін көтерді.

– 14 жылдан бері жұбайым және екі баламмен баспана жалдап келеміз. Бұрын Қарағандыда тұратын едік. Қазір Теміртауда жалдап тұрамыз. Осы уақытқа дейін жетім балалар ретінде үй кезегінде тұрмыз. Осы кездесуде облыс әкімі биыл баспаналы болатынымызды айтты. Сонымен қатар, қысқа мерзімді курстардан өтіп, жаңа мамандық алуды ұсынды. Шынымды айтсам, мен көптен бері массаж терапиясын үйренгім келіп жүрген еді. Бірақ, қалай оқитынымды білмедім. Енді менің нөмірімді жазып алды. Алдағы уақытта тегін оқуға жаздыратын болды, – дейді ол.

Ал, Иван Дядюк болса Янтарная көшесінің тұрғындары атынан жеке қабылдауға келді. Осыдан бірнеше жыл бұрын аймақ басшысының пәрменімен осы көшедегі су құбырлары толығымен ауыстырылған еді. Сол қазылған жерлер қалыпқа келгендігін айтып, енді жолды асфальттауды сұрағалы келген көрінеді.

– Біздің көше ешқашан асфальтталмаған. Жаңбыр жауғаннан кейін балалар балшыққа батады. Аулаға шығу мүмкін емес. Аймақ басшысымен кездесуде осы мәселені көтердім. Ал, әкім алдағы уақытта көшеге асфальт төсеуге уәде берді, – дейді Иван Дядюк.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button