Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

Айбынды жастар жарысы

Болашақ ел қорғандары арасында Тәуелсіздіктің – 30, Ұлы Жеңістің – 76 және ҚР Әскери күштерінің – 29 жылдығына орай, «Айбын» әскери-патриоттық облыстық жастар жарысы өтті.

Онлайн өткен жиынды Қарағанды облысы білім басқармасы, «Қарағанды облысы әскери-спорттық және патриоттық клубтарының қоғамдық бірлестігі», «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Жарыстың басты мақсаты – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, осы бағыттағы клубтардың іс-қимылын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери қызметті өтеу кезінде қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру. Үш күнге созылған жарысқа ZOOM платформасында 135 жасөспірімнен тұратын 9 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық I орынды Қарағанды қаласы жоғары политехникалық колледжінің «Бүркіт» әскериспорттық клубы қанжығаласа, Абай ауданы «Южный» кентіндегі № 9 орта мектебінің «Арлан» әскериспорттық клубы II орынды иеленді. Ал, Қарағанды қаласы машина жасау колледжінің «Qaisar» құрамасы III сатыға көтерілді. Жеңімпаздар «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының сыйлықтарымен марапатталды.

Басқа материалдар

Back to top button