Бас тақырыпРесми
«Айбын» орденіне батырлардың есімі берілді
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады.
Жауынгерлерімізді мәңгі есте қалдыру мақсатымен заңға «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаев есімдерін беру жөнінде толықтырулар енгізіледі.
Заң мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған. Оған Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурызда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау үшін депутаттар бастамашы болды.
Мәжіліс заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА