Спорт

Айқын басымдық «арландарда»

     «Astana Arlans» командасы Қарағандыдағы С.СӘПИЕВ атындағы бокс орталығында WSB Дүниежүзілік бокс сериясының жетінші маусымы шеңберінде ресейлік «Patriot boxing team» командасына қарсы ширек финалдық қарымта кездесуін өткізді.

«Арландықтар» үшін алғашқы кездесуді Олжас Сәттібаев сәтті бастап берді. 52 келіде өнер көрсеткен команда капитаны ресейлік қарсыласы Иван Абрамовтан басымдығын танытып, 3:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Бұдан кейін шаршы алаңға көтерілген 60 келідегі қазақстандық Закир Сафиуллин есепті еселеп, Шахриёр Ахмедовты 3:0 қылып ұтты. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан қарағандылық Дмитрий Зиско Артем Сусленковқа есе жіберді. Жерлесіміз табандылық танытқанымен 0:3 есебі Артемның пайдасына жазылды. Сондай-ақ, 69 келіде Асланбек Шымбергенов жеңіс жолын жалғастырып, 3:0 есебімен Ресей боксшысы – Шахабаса Махмудовты қапыда қалдырды. Ең соңғы болып шыққан 81 келідегі Арман Рысбек «Patriot boxing team» командасының мықтысы Имам Хатаевты 3:0 есебі бойынша айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Ресей боксшылары топтық бәсекеде «арландармен» бір топта тоғысты. Сонымен қоса, екі жекпе-жекте де «Астана арландары» қарсыластарынан шеберліктерін асырды. Мәскеуде өткен айқаста Ақүрпековтің командасы 3:2 есебімен жеңіске жетсе, елімізде өткен қарымта кездесуде 4:1 есебімен ұтты. Кемеровода өткен плей-офф бәсекесінде қайта жолдары түйісіп, алғашқы кездесуде «арландықтар» 3:2 есебімен жеңіс тұғырына көтерілді. Арқа төріндегі айқаста да асығы алшысынан түскен «Astana Arlans» командасы жалпы есепте 7:3 көрсеткішпен алдыңғы орынға шықты. Алдағы уақытта, «Astana Arlans» турнирдің жартылай финалында «British Lionhearts» – «France Figthing Roosters» жұптарының жеңімпаздарымен жұдырықтасады.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button