Жаңалықтар

Айқын бағыт

Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайында тарихи өрлеу бастауы тұрмақ. Сондықтан, біртұтас ұлт болуымыз керектігі айтылған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбавтың Қазақстан халқына Жолдауында негізгі он басымдық көрсетілді.

Бұл басымдықтар – Қазақстанды жар­қын болашаққа апаратын нақты, әрі айқын жол болмақ.

Елбасының биылғы Жолдауы – мүмкіндігімізді одан әрі молайтып, мемлекетімізбен қатар, әр адамның қабілет-қарымын дамытпақ. Жолдауда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінген. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі артатыны, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аударылған.

Жолдауға сай, әр қазақстандық жаңа «цифрлық дəуір» талаптарына сай болуы және осыны терең түсінуі үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірін қолдап, кез келгеніміз өзіндік үлесімізді қосатынымызға сенімім зор!

Нұрлан КҮЛМАҒАНБЕТОВ,

облыстық медициналық

орталықтың отоларингология

бөлімшесінің меңгерушісі, облыс әкімінің «Үздік хирург» сыйлығының иегері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button