Агроқалашық ауылында жаңа саябақ пайдалануға берілді
Агроқалашық ауылында саябақ салынды. Мәдениет үйінің аумағында үлкен сахна, балалар ойын алаңы, шағын сәулет нысандары орнатылған.
Агроқалашық тұрғындары ауылда жастар шығармашылық кештер өткізетін, ал егде жастағы адамдар таза ауада демалатын орын салуды сұраған.
Жаңа алаң қоршалған, оның жанында автотұрақ бар, төсеніштер мен жасанды көгалдар төселген. Алаңның периметрі бойынша жарықтандыру тіректері мен саябақ шамдары орнатылып, орындықтар мен урналар қарастырылған.
– Сахна үлкен, түрлі іс-шараларды өткізу ыңғайлы. Орындықтары бар демалуға арналған алаң орнатылған, жолдар жабдықталған.
Балалар ойын кешені – екі әткеншек, құмсалғыш, теңгергіш-әткеншек, екі орындықтан тұрады. Сондай-ақ, урналар бар, – деді Мичурин ауылдық округінің әкімі Елдос Баймағамбетов.
Саябақ аумағында волейбол және стритбол ойнауға арналған спорт алаңдары жабдықталған.
Сквердің жалпы ауданы мәдениет үйімен бірге 0,5 гектарды құрайды.
– Биыл біз тұрғындардың өтініші бойынша Агроқалашықтың екі аула аумақтарына асфальт төсеп, екі жаңа ойын алаңын орнаттық. Келесі жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы ұзындығы 2,6 км ауылдың барлық орталық көшелерін асфальттаймыз, – деді әкім.
Абаттандыру Мичурин ауылдық округінің Садовое және Ягодное бөлімшелерінде де жүргізілуде. Онда 60 жарықтандыру тірегі орнатылды. Екі елді мекен бойынша орталық су құбырын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Мичурин ауылдық округінде барлығы 1350 адам тұрады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz