Қарағанды

Қадірлі ардагерлер! Қымбатты жерлестер!

Бүгін біздің халқымыз бен еңселі еліміз үшін ерекше күн. Әлем тарихындағы ең сұрапыл соғыста әділеттің ақ таңы атқан Ұлы Жеңіс күні.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмысын жақсартуға үлкен мән беріп отыр. Себебі, сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгінгі жарқын болашаққа қадам басқан тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Әрбір қарағандылық отбасы бұны ерекше сезініп, ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те артық болмайтынын біледі.

Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың рухы биік, қайсар халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын – алдаспан, намысын найза еткен ерлердің аттары аңызға айналды, тарих бетінде алтын әріптермен жазылды.

Ұлы Жеңіс күні алыстаған сайын батыр бабаларымыздың қаһармандығы бұрынғыдан да жаңғырып, жарқырай бермек. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күні мемлекетіміз майдангерлерді барынша қолдап, қамқорлық жасап келеді.

Сондықтан да ардагерлерге лайықты құрмет көрсету, қамқорлық жасау, ерлігін есте ұстау – біздің де, келер ұрпақтың да басты парызы, қасиетті борышы деп білеміз.

Сіздердің ерліктеріңіз – біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Осынау Ұлы Жеңіс күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілейміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын!

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button