Адиля – алғыр бала

Жақында «Балбөбектің» кішкентай оқырманы, Жаңаарқа ауданындағы «Балдырған» балабақшасының бес жасар бүлдіршіні Адиля Ақылбек – Астана қаласында өткен ХІ халықаралық «Ақ көгершін» фестиваліне қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл байқауда ол өзінің таныстыруын айтып, «Мен бақытты баламын» әнін нақышына келтіріп орындап, үздік сән үлгісіндегі қазақтың ұлттық киімін көрсете білді.

Аудан мәртебесін биікке көтерген талантты Адиляға және оның саз жетекшісі, ХІ халықаралық «Ақ көгершін» фестивалінің «Үздік ұстаз» дипломының иегері –Алмагүл Әсіловаға шығармашылық табыс тілейміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.