Жаңалықтар

Адамзаттың Әлиханы

    М.Әуезов атындағы кітапхана жүйесінің жетінші филиалында Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерей­тойына арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға № 76 Ә.Бөкейхан атындағы мектептің, Ғ.Мұстафин ат­ындағы №83 мектептің мұғалімдері мен оқушылары, Е.Бөкетов атын­дағы ҚарМУ-дың филология фа­культетінің, Қарағанды политех­никалық колледжінің, «Лингва» шет тілдер колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Биылғы жыл Әлихан Бөкей­ханов­тың 150 жылдығы болса, Алаш Алыптары аңсап өткен Тәуел­­сіздігімізге де 25 жыл толып отыр. Осы шараларға арнал­ған «Адамзаттың Әлиханы» атты патриоттық кешімізге қош кел­діңіздер! – деп бастады іс-шараны кітапхана меңгерушісі Б.Кәрімова.

Игі шара барысында «Алаштың Әлиханы» атты бейнеролик көрсе­тіліп, №76 Ә.Бөкейхан атындағы мектептің мұражай жетекшісі Н.То­лы­беков пен аталмыш мектеп оқушылары мұражайдың көшпелі презентациясын жасады. Оның қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани кезеңіне тоқталып, өмір жолынан айтарлықтай мағлұматтар берілді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында өткізілген Ә.Бөкейханның «Тәуелсіздік жаршысы» атты кітап көрмесіне де ерекше тоқтала кеткен жоқ. Кітапты насихаттауды, оқыр­манға жеткізе білуді өздерінің басты міндеттері санаған аталмыш кітапхана қызметкерлері Н.Кене­ева мен Ж.Ибраеваның ұйымдас­тыруымен жасалған кітап көрмесінде оқырмандар Ә.Бөкейханның шығар­маларының толық жинағымен танысатын болады.

Салтанат ИЛЬЯШОВА


Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button