Медицина

Адам папилломавирусы (АПВ) және оның алдын алу

Адамның папилломавирусына жеке вирус емес, олардың түгелдей  тобы жатады. Бұл вирустың 200-ден астам штаммы бар екенін ескеру маңызды.

Суреттер автордан

Сондықтан адам папилломавирусының штаммдары неше түрлі сүйелдер түрінде терінің және шырышты қабаттардың әртүрлі зақымдануын тудыруы мүмкін, сондай-ақ инфекция нәтижесінде дамитын жалпақ және сүйрік сүйелдері терінің әртүрлі жерлерінде, аногенитальды аймақта, ауыз қуысында, бронхтарда және жоғарғы тыныс жолдарында, тік ішекте және т. б., пайда болады, сондай-ақ осы вирустың кейбір штамдары қатерлі ісік ауруын тудырады, бұл уақыт мәселесі (осындай 40 түрі белгілі).

АПВ адамнан адамға тұрмыстық байланыс арқылы беріледі, бұл басқа адамдардың гигиеналық заттарын пайдалану, жеке гигиенаны бұзудан болады, өйткені АПВ тырнақ астында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, содан кейін адам инфекцияны тасып, өзіне-өзі жұқтыруы мүмкін, бірақ көбінесе инфекция жыныстық жолмен жұғады. Жатыр мойны обыры 80% АПВ тудырады.

Бұл аурумен көбінесе әйелдер ауырады, бірақ АПВ ерлер мен балалар үшін де қауіпті, бәрі иммундық жүйеге байланысты, егер иммунитет күшті болса, онда ол вирусты өздігінен оңай жеңе алады және бірнеше жыл ішінде оны денеден “ығыстырып шығарады”. Бірақ сонымен қатар қайта жұқтыруы немесе басқа штамммен ауруы мүмкін.

Қазақстанда 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап қыз балаларды вакцинациялау жоспарлануда. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцина Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі, вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас мөлшері ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалған, өйткені тұрақты иммунитет қалыптасқан кезде, яғни 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімдірек болады.

Еркін БЕЙСЕМБАЕВ,

Шахтинск қалалық санитариялық – эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button