Абылайхан, алға!

   Жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлемдік бокс чемпионатындағы жарыс жолын сәтті бастады. Сенбі күні Абылайхан мысырлық Уалид Саид МҰХАММЕДТІ айқын басымдықпен ұтты.

69 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан абайлық боксшы мысырлықты алғашқы раундта нокдаунға түсірді. Қалған раундтарды қарсыласын төпелеумен өткізген Абылайханның басымдығын барлық төрешілер бірауыздан мойындады.

Абылайханның ендігі қарсыласы итальян Винченцо Манджакапре.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.