Абайлықтар Ұлы ақынды ардақтады
Бүгін Абай ауданының тұрғындары өзі есімін иеленген Ұлы ақынымызды ардақтап,оның туғанына 179 жыл болғанын салтанатпен атап өтті.
Соған байланысты олар аудандық Мәдениет үйінің алдындағы Абай атамыздың ескерткіші жанына жиналып,аудан әкімі Сәбит Оспанов бастаған жұртшылық өкілдері оған гүл шоқтарын қойды.
Қазақтың ұлттық киімдерін киген “Дидар” үлгілі би ансамблі бишілерінің мың бұралған биінен кейін Абай бейнесіндегі өнерпаз Ақан Қошубаев ақынның ” Өлсем орным қара жер сыз болмай ма…” өлеңін мәнерлеп оқыды.
Одан әрі ауа райының қолайсыздығынан мереке шаралары Мәдениет үйінің ішіне ауысып,осындағы қазақ ұлт аспаптары ансамблі мен әншілер Айсұлу Әділбек,Баянды Төлеутай Абай әндері мен күйлерін орындап,елдің құлақ құрышын қандырды.
Келесі кезекте дәстүрлі аудандық ” Абай оқулары” сайысының қорытындысы шығарылып,оның жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шара туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқитын боласыздар.
Ержан ИМАШ,
ortalyq.kz
Абай ауданы