АбайАймақ

Абайлықтар да аянбады

Бүгін Абай ауданында да республикалық экологиялық акция аясында сенбілік өтіп,оған меншіктің әр түріндегі 160 ұйым мен мекемеден 1200 адам қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардікі

Бұл акцияға аудандық мәслихаттың депутаттары, волонтерлер, кеншілер, кәсіпкерлер де аянбай атсалысып, олар 112 аула аумағы мен көшелерді қоқыстан арылтып, жалпы алаңы 88,2 гектар болатын жер алқабын тазартып, жүргінші жолдарының жиектерін шөп өскіндерінен тазартты.

Ауданда болған бұл акцияға 15 жүк тиеу және 22 тасымалдау техникасы жұмылдырылып,солардың күшімен 17 бейберекет қоқыс үйінділері жойылып, 400 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылды.

Сонымен бірге бұл күні жергілікті полиция қызметкерлері де рейд жүргізіп,тазалық ережелерінің бұзылуына байланысты 20 хаттама толтырды.

Ержан ИМАШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button