Абайды дәріптеді Арқа өрені

Абай атындағы мектеп-гимназияда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІV республикалық «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қала мектептерінен 90-ға жуық оқушы қатысып, бақ сынады.

Аталған байқау жыл сайын Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға қызығушылығын ояту, Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Білім саласының облысқа танымал тұлғалары мен қала мектептерінің белгілі ұстаздары қазылар алқасының құрамында болып, оқушылардың өнерін бағалады.

Оқушылар байқауда алты номинация бойынша бақ сынап, Абай өлеңдері мен қарасөздерін, ақын шәкірттерінің шығармаларын жатқа оқыды, ұлы ақын мен оның ізбасары Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындады. Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылығы бойынша өнер көрсетті, эссе жазды. 

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша бас жүлдені №61 ЖББ мектептің оқушысы Нұрғасыр Изат иеленді. «Абайдың қарасөздері» аталымында №61 ЖББ мектептің оқушысы Ақшархат Эшкулова бас жүлде алды. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша №61 ЖББ мектебінің оқушысы Алина Наурызбаева, ал орыс тобынан Шәкәрім атындағы гимназия оқушысы Анастасия Клочкова бас жүлдені қанжығасына байлады. «Көңілім әнді ұғады» аталымында өнер көрсеткен №8 ЖББ мектебінің оқушысы Аслан Қанатов, орыс тобында Е.Бөкетов атындағы ЖББ мектеп оқушысы Илья Кошиков бас жүлде иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымында №25 ЖББ мектептің оқушысы Нұрасыл Аманжолға бұйырды. Осы аталымда орыс тобы бойынша Шәкәрім атындағы гимназияның оқушысы Виктор Каверин бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, «Ұлылар әлемі» номинациясында бас жүлдені №61 ЖББ мектептің оқушысы Сезім Саят, ал орыс тобы бойынша Шәкәрім атындағы гимназияның оқушысы Полина Каверина алды. 

ХХІV республикалық Абай оқулары байқауының қалалық кезеңінде бас жүлде алған жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.