Руханият

Абай және бүгінгі педагогика

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінде «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты педагогикалық бағытта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер арасында республикалық олимпиада өтті.

Олимпиада Абайдың педагогикалық мұраларын жан-жақты білетін дарынды студент жастарды анықтау, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыруды мақсат тұтты.

Республикалық шараның ашылу салтанатында университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков еліміздің әр қиырынан келген қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиадаға қатысушылар құрметіне «Мұрагер» оқу орталығы ұйымдастырған Абай оқулары байқауының жүлдегері, «Erfolg» балабақшасының тәрбиеленушісі, 5 жасар Рымбек Нұрила Абай хәкімнің «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдарманына паш етті. Шара қонақтары республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары Қарағанды қалалық №61 мектебінің оқушылары Изат Нұрғасыр мен Ақшархат Эшкулова Абай Құнанбайұлының қарасөздері мен өлеңдерін жатқа оқыды.

Олимпиадаға қатысушылар әлемге аты әйгілі ақылман мұрасын білім беру саласында қолдануға қатысты ғылыми жоба қорғады, Абай шығармаларын театрландырылған қойылым ретінде сахналады, «Абайдың педагогикалық мұраларын оқу үдерісінде пайдалану» бойынша сабақ үзінділерін көрсетті.

Нәтижесінде, І орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қара шаңырақ» командасы иеленсе, ІІ орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Асыл мұра» командасы мен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Каспий жақұты» командасы өзара тең бөлісті. ІІІ орынды Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Бес асыл» командасы мен Алматы гуманитарлықэкономикалық университетінің «Қазына» командасы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Атырау» командалары місе тұтты.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button