Жаңалықтар

«Абай оқулары» өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласының білім бөлімінің жоспарына сәйкес №74 мектепте XIX Абай оқулары өтті. «Абай оқулары» – Абайдың даналығын, шығармашылығын өзге ұлт өкілдеріне насихаттай отырып, болашақ ұрпақты ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына сүйіспеншілікке тәрбиеледі.

Абай оқуларына өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Ұлылар әлемі», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты 4 аталым бойынша өткізілді. Сайысқа қатысуға 79 жалпы білім беру ұйымдарынан 75 оқушыдан өтінім түсті. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша бас жүлдені №66 мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушысы Максим Бабаев, І орынды №65 мектептің оқушысы Алина Хасиева иеленді. Ал, «Ұлылар әлемі» аталымы бойынша І орынды №93 гимназияның оқушысы Егор Развора, «Көңілім әнді ұғады» аталымы бойынша І орынды №93 гимназиядан Ольга Залыгина иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымы бойынша І орынды №59 мектептің оқушысы Уулзат Тағайбекқызы жеңіп алды.
Облыстық кезеңде әр аталым бойынша бас жүлде мен І орын иеленген оқушылар республикалық сайыста қаламыздың намысын қорғайды. Оқушыларымызға ақ жол!

А.ҚАДЫР,
Қарағанды қаласы білім бөлімінің
қазақ тілі пәні әдіскері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button