АбайАймақ

Абай ауданы абаттанады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданына жұмыс сапары кезінде аудан тұрғындарымен және жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті. Сондай-ақ, іссапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев Абай көпсалалы колледжіне және бірқатар кәсіпорындарға – Абай тігін фабрикасына, «Топар жылыжайларына» барды. Мұнымен бірге, өңір басшысы Топардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді.

Тұрғындар жол, медицина мамандарының тапшылығы,  аумақты көгалдандыру сынды көкейкесті мәселелерді ортаға салды. Ауданның мәдени ошағы саналатын кинотеатрды қалпына келтіруді сұрады. Өз кезегінде облыс әкімі автожолдардың 30 учаскесі, сондай-ақ Абай мен тоғыз ауылдық елді мекендегі көшелер жөнделетінін хабарлады. Жақында Абайда тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін 80 пәтерлі үй қолданысқа беріледі.

– Адамдардың шағымына құлақ асу және оларды шешу –  біздің міндетіміз. Біз туындаған барлық мәселелерді шешуге тырысамыз. Барлық айтылған жоспарларды іске асыру қажет. Бірінші міндет – Абай қаласы мен Топар кентін тұрақты жылумен қамтамасыз ету. Біз мұны істейміз. Тағы бір міндет – инвестиция тарту. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, аудан экономикасын көтеруге көмектеседі. Бизнес ашыңыздар, біз сізге барлық жағынан көмектесуге тырысамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Энергостанцияға барып қайтқан Е.Бөлекпаев ауданды жылумен жабдықтау маңызына тоқталды. Өңір басшысына жылумен жабдықтауды  жақсарту жұмыстары туралы баяндалды.

– Біз Абай жылу трассасын жөн­дейміз, магистральдың пробле­ма­лық учаскелерін ауыстырамыз. Сонымен қатар, он ысырма құрыл­ғысын  ауыстырамыз, – деді Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов.

Топар кентінде де жылу трассасы жөнделеді. Южный кентінде қазандықты жөндеу жоспарланған.

Кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button