Жаңалықтар

Ақын биігі

     Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым ЖАЙЛЫБАЙДЫҢ «Қара орамал» поэмасы Швецияда өткен байқауда үшінші орынды иеленді.

VI Еуразиялық ашық әдеби бай­қау­ды ұйымдастыруға Еуразия шы­­ғар­машылық гильдиясы және «Her­dfo­rshire Press» баспасы ұйытқы болды. Ғалекең поэзия аталымы бойынша жүлделі болды.

Аталған байқауға әлемнің 36 мемлекетінен 1600 шығарма қабылданған. Келешекте поэма осы байқау­ға қатысқан мемлекеттердің тілінде жарық көрмек.

«Қара орамал» кітабының тұсаукесері 2014 жылы мамырда Қарағандыда өткен еді. Поэмада нәубет жылдарындағы ұлт тағдыры, саяси қуғын-сүргін зобалаңы суреттелген.

Дастан «Қарағанды лагері», «Карлаг қақпасы», «Ахметжан Сармантайұлының «58-статья» күйі», «Қызжылаған», «Ирина Борхманның «Үзілген сапар» картинасы», «Мамочкина моласы», «Үш қағыс» атты тараулардан тұрады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button