Жаңалықтар

Ақылды жалюзи

Украиндық өнертапқыш пәтерді электр қуатымен қамтамасыз ететін «SolarGaps» ақылды жалюзиін ойлап тапты.

Терезе жалюзиіне қондырылатын күн модульдері күннің сәулеленуін жылу және электр қуатына айналдырып, бөлмені сыртқы электр желілерінен тәуелсіз етеді.

Осынау ерекше гаджетпен безендірілген бір ғана терезе айына 100 киловатқа дейінгі энергияны түрлендіреді.

Елең еткізер жаңалық баламалы энергетика адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын көрсетеді. «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесінен кейін Болашақ энергиясы біздің тұрмыстық жағдайымызды одан әрі жақсарта түсеріне де сенім мол.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button