«Ақылды қала» – аңыз емес
Дүниежүзілік стандарттау күніне орай, «ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалы мен «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ Кәсіпкерлер палатасында Қарағанды қаласының кәсіпорындарына арналған семинар өткізді.
Өмірдіӊ барлық деӊгейлерінде және барлық салаларында стандарттаудыӊ маӊыздылығын бүкіл әлемге паш ету үшін арнайы мереке белгіленген. Дүниежүзілік стандарттар күнін мерекелеу үшін Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым жыл сайын ұран анықтайды. Биылғы жылы Дүниежүзілік стандарттар күні – «Стандарттар қалаларды ақылдырақ етеді» ұранымен өтті. «Ақылды қала» стандарттарының негізгі артықшылығы – қаланы барлық процестерімен орталықтан басқарудың қағидаттық жаңа мүмкіндіктерімен зияткерлік кеңістікке айналдыру.
«Ақылды қала» біріккен жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік пен оны басқаруға ерекше назар аударылады. Қазіргі таңда «Smart City» жобасының құрылуына қала басшыларына арнайы Қазақстан Республикасының 8 ұлттық стандарттары әзірленген. Стандарттармен Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қоры www.egfntd.kz сайтынан танысуға мүмкіндік бар. Қарағанды облысы бойынша 800-ден аса кәсіпорын халықаралық стандартқа сай жұмыс істеуде. Мамандардың айтуынша, халықаралық стандарт талаптарына сай келу облыс экономикасының дамуына мол үлес қосады. Сондай-ақ, «ҚазСтнИн» РМК Қарағанды филиалының бас маманы Ш.Әжімова «Ақылды қала» бағытын жүзеге асыру мақсатында үлкен тақырып қозғап, қатысушылармен пікір алмасты.
Стандарт саласына үлестерін қосқан кәсіпорындарға «Евразиан фудс» АҚ, «АТИ Казахстан» ЖШС, «Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және тағы да басқа кәсіпорындар Алғыс хаттармен марапатталды.
М.ҚОЗЫБЕКОВА,
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалының жетекші маманы.