Жасмин Қизатова Азия чемпионы атанды

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Азия-2023 чемпионатынының ақтық бәсекесінде қарағандылық Жасмин Қизатова қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп алтыннан алқа тақты. 

Қарағанды қаласының Әлия Молдағұлова атындағы облыстық спорт мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Жасмин Қизатова 70 келіде ақтық сында өзбек боксшысы Азиза Зокировамен қолғап түйістірген болатын. Жерлесіміз қарсыласын қарымта шабуылдарымен тізе бүктіріп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Азияның жаңа чемпионы Жасмин Қизатова мен бапкері Елдос Сайдалиннің қол жеткізген бұл жеңісі ел мерейін үстем етті.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Ortalyq.kz