Аймақ
Ақтастағы игі істер
Қарағанды облысы Ақтас кентінде 5 көшенің атауы өзгермек. Кент көшелерінің атын өзгерту туралы құжат 2023 жылдың 19-қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Көше атауларын өзгертуге байланысты шешім Ақтас ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданған.
Қоғамдық талқылаудың шешімі оң болған жағдайда Бородина көшесін Бейбітшілік, Городская көшесін Кеншілер, Ленинградская көшесін Әлия Молдағұлованың, Привольная көшесін Бауыржан Момышұлының атына өзгерту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, кенттегі 8-март пен Транспортная көшелері бірігіп, Қаныш Сәтбаевтың атын иеленбек.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
ortalyq.kz