Ресми

Қаңтар оқиғасы. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар – Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар, деп мәлімдеді ortalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сурет: Aikyn.kz
Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан жалпы отырыста Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

– Арнайы прокурорлар 720 қылмыстық істі тергеді. Бұл істер бойынша тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 2 мүшесі қамауға алдынды. Күдіктілердің арасында деструктивтік діни ағымдағы 8 жақтаушысы бар 126 адам кісі өлтіру, ұрлық, қарақшылық жасағандары үшін бұрын сотталғандар. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар, – деді Асылов Мәжілісте.

Шетелдік азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысуға және басқа да қылмыстар бойынша күдікті деп танылды. Олардың ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары да бар.

– Бүгін біздегі істер бойынша 573 адам сотталды. Оның ішінде 2 іс теракт жасау фактісі бойынша. Қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы 18 адам анықталды. Олардың 13-не қатысты іс сотқа жолданды, – деп атап өтті Бас прокурор.

Басқа материалдар

Back to top button