Руханият

Ақтөбеден абыроймен оралды

Ақтөбе қаласында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Театр – өнердің ұлы көші» ХІ республикалық халық театрларының фестивалі өтті. Онда жерлесіміз, Шет халық театрының әртісі Арайлым Артықбаева «Екінші пландағы үздік роль орындаушы» номинациясын жеңіп алып, 300 000 теңгенің сертификатына ие болды.

Ауқымды іс-шараға сегіз облыстан он фольклорлық ұжым қатысты. Ұжымдар қазылар алқасы мен көрермендерге Т.Ахтанов жазған пьесалар бойынша қойылымдарын ұсынды. Қарағанды облысының атынан «Күшік күйеу» қойылымымен Шет халық театрының ұжымы қатысты. Ұжым жетекшісі – Әсемгүл Ахметжанова, директоры – Кәмшат Үсімбаева.

Көркемөнерпаздар ұжымының шеберлігін қазылар алқасының мүшелері «Екі езу» театрының директоры – Нұрлыбек Жұбатқан, режиссер – Елтай Кемал, өнерге деген асқан сүйіспеншілігімен сахна әлемін бағындырған дизайнер Ардақ Қонақбаева және қоюшы-суретші Айбек Орынбасаров бағалады. Қазылар алқасына белгілі актер Болат Әбділман төрағалық етті.

Фестивальдің Бас жүлдесін Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәдениет үйінің Сары Батақұл атындағы халық театры жеңіп алды. Ал, Арайлым жерлесіміздің өнері қазылар алқасына ұнап, осындай аталымда жеңіске жетіп отыр. Бұл – тұтас Арқа жұртының абыройы.

Дерекке сүйенсек, облысымызда 103 халықтық ұжым бар. Оның 18-і драма театры. Ақтөбеден Арқаға абыроймен оралған Арайлымның өнер жолына сәт-сапар тіледік.

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button