Ақша бопсалап абақтыға түсті

34 жастағы теміртаулық азамат белгілі бір адамның өзіне күш қолданып қорқыту арқылы 2 миллион теңге бопсалап жүргені туралы қалалық Полиция басқармасына шағым түсірген.

Облыстық Полиция департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен арнайы мақсаттағы «Арлан» жауынгерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына жүргізілген тінту жұмыстары барысында кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді. Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 194 «Бопсалау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.