АҚШ-тағы қазақ жазушысы Президентке хат жазды

АҚШ-та тұратын Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин Президентке хат жазды.

Жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин
Президентке жазғаны хатында Мемлекеттік сыйлыққа қол жеткізе алмаған әріптесі Тұрысбек Сәукетай жайлы айтқан.

Қазір Амерка құрама штаттарында тұратын жазушы осындай керемет шығармаға Мемлекеттік сыйлықтың бұйырмағанына өкініш білдірген.

«Айтпағым — қазақ рухы, қазақ мәдениетіне қатысты азғана бір уәж. 2022 жылғы Мемлекеттік сыйлық талқысы туралы соңғы хабардан естуімше, бүгінгі қазақтың атпал жазушысы, тіпті, екінің бірі, үздік қаламгер Тұрысбек Сәукетай ең соңғы іріктен өтпей қалыпты. Абай атындағы марапатқа бірден бір лайықты — осы «Желқайық» романы еді. Тұрысбек — бүгін ғана жеткен прозашы емес: өткен он жылдықтағы «Ай қараңғысы» және кез келген басқа да романы осы мәртебеге татитын. Бүгін бәйгеге «Желқайық» түскен екен. Айтары жоқ, осы жаңа ғасырда дүниеге келген ең озық туындылардың бірі. Тұрысбек Сәукетайды лайықты сыйлығына жеткізу ендігі Сіздің қолда тұр деп білемін…», — делінген хатта.

Фото: «Халық үні» ақпараттық порталынан алынды

Ortalyq.kz