Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кадидатурасы мақұлданды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды. Бұл туралы  Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

 ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды. Талқылаудан кейін Абаев Дәурен Әскербекұлының кандидатурасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді.