Жаңалықтар

Ақпанның алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, батыс пен оңтүстік облыстарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Сонымен бірге республиканың солтүстігінде күн суытады. Кей аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, жел ұйытқиды.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, боран соғады, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде желдің екпіні 20 м/с.

Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде боран соғады, желдің екпіні 20 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі, Ақмола облысында күндіз боран соғады, Түркістан облысында күндіз қатты жел соғады – 20 м/с.

Жамбыл облысында боран соғады, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні – 20 м/с.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде қатты аяз.

 

Басқа материалдар

Back to top button