Жаңалықтар
Аға лебізі
Міне, осындай кескілескен кескекті сайыста шаңға көміліп, соңда қалмай, суырылып алға шыға білген Мэлс, Кәрима, Алтынгүл, Ерсін, Ермектердің табысында ешқандай көтерме, қоспа болуы мүмкін емес деп білемін. Бесеуі де болайын деп тұрған емес, болып тұрған сайыскерлер.
Ең кенжелері Ерсіннің өзінде қаншалықты тапқырлық, сөз аңғарып, алыстан шалатын қырағылық, не мінезінде, не сөзінде көзге оғаш көрініп, құлаққа олақ естілетін еш кінәраты жоқ ерекше шынайылық жатыр. Ерсіндер күні ертең-ақ жұрт соңына ермей, жұртты соңынан ертетін өрен жүйрік болып жатса, таң қалатын ештеңе жоқ.
Әбіш КЕКІЛБАЙ,
«Қазақ әдебиеті» газеті, 1990 жыл, қыркүйек.