Қарағанды облысында 1 мамыр қалай тойланады?
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концерттерге, спорттық жарыстарға, көрмелерге және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Негізгі іс-шаралар облыс орталығында өтеді.
29, 30 сәуір
Қ. Байшолақов атындағы спорт кешені, 10:00
Қазақ күресінен «Сарыарқа Батырлары» республикалық турнирі.
30 сәуір
«Молодежный» мәдениет үйі, 11:00
«Ынтымағы жарасқан – Қазақстан» мерекелік концерті.
1 мамыр
Орталық мәдениет және демалыс саябағы
12:00–16:00
«Қазақстан – достық мекені» мерекелік іс-шарасы.
Күні бойы
«Шебер» ҚБ қолданбалы өнер көрмесі.
«Киіз үйдегі кітапхана» мерекелік көрмесі
Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі, 12:00
«Бір шаңырақ астында!”.
«Молодежный» мәдениет үйі, 12:00
«Бірлігіміз жарасқан».
«Литейщик» стадионы, 10:00
2008–2009 ж. т. жасөспірімдер арасында футболдан БЖСМ ашық біріншілігі.



