Жаңалықтар

Симфониялық оркестрт концертке шақырады

29 сәуір күні сағат 17.00-де «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді. 

Сурет: ұйымдастырушылардан

Концерт бағдарламасы бойынша В. А. Моцарт «Фигароның үйлену тойы» операсына увертюра, Э.Григтің фортепианоға арналған оркестрмен концерті, 16-шы шығарма, және Людвиг ван Бетховен Симфония № 7 ля мажор, 92-ші шығармалары болады.

Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Радия Оразалинова (фортепиано, Астана қ.).

Дирижер – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсембаев (Астана қ.).

Билеттерді «Шалқыма» к/з кассаларынан немесе ticketon.kz сайтынан алуға болады.          

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button