Жаңалықтар

Биыл Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді

Биыл елімізде 7 мамыр — Отан қорғаушы және 9 мамыр — Жеңіс күні мейрамына орай әскери шеру өтпейтін болды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

— Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық — Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқаны айтылған.

— Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді, — дейді ведомстводан.

7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған шаралар туралы ақпарат жуырда министрліктің ресми сайтында жарияланады.

Басқа материалдар

Back to top button