Ресми

Дархан Қыдырәлі: Өңірлік басылымдарды қолдау тарифтері ұлғаяды

Жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтерін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік мерзімді басылымдар форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелерін қайта қарастырып жатырмыз. БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетуге мүдделіміз. Атап айтқанда, жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтері 2019 жылдан бері өзгермегені белгілі. Соған байланысты біз тарифтерді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар жобалық тәсілде өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-қа жаңа серпін беріп, оң әсер етеді деген үміттеміз,- деп мәлім етті Дархан Қыдырәлі.

Сонымен бірге, министр алдағы уақытта журналистерге жауап бермейтін мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті.

Басқа материалдар

Back to top button