Руханият

Қазақстандық «Ақын» фильмі Португалияда бас жүлде иеленді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі 10-20 қараша аралығында Португалияда өткен Lisbon & Sintra Film Festival 2022 (LEFFEST) кинофестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды. Фильмде технологияның даму дәуірінде түсініксіз және маңызды емес болып қалудан қорқатын ақын туралы баяндалады, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сценарий неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» әңгімесіне негізделген. Кинофильм Алматы, Алматы облысы және Атырауда түсірілген. Белгілі әнші және музыкант Ердос Қанаев басты рөлді сомдады.Қазақстандық «Ақын» фильмі Португалияда бас жүлде иеленді

Фильмнің әлемдік премьерасы 2021 жылы Жапониядағы 34-ші Токио халықаралық кинофестивалінің басты байқауында өтті, онда фильм «Үздік режиссура» жүлдесімен марапатталған болатын. Осы жылдың басында фильм Германиядағы 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде байқаудан тыс көрсетілді. Сондай-ақ, «Ақын» Бразилиядағы Olhar de Cinema халықаралық кинофестивалінде «Үздік фильм» сыйлығын жеңіп алды.

Қазақстандық «Ақын» фильмі Португалияда бас жүлде иеленді

Қазақстанда картина осы жылдың сәуір айында шектеулі прокатқа шығарылды. Сондай-ақ, 14 желтоқсаннан бастап «Ақын» Франция кинотеатрларында прокатқа шығатыны белгілі болды.

Басқа материалдар

Back to top button