“Сарыарқаның сиқырлы ертегілері”: Қарағандылық жазушы Наталья Инжевская жаңа кітаптарын таныстырды
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында Қарағанды жазушысы Наталья Инжевская “Сарыарқаның сиқырлы ертегілері” сериясымен шыққан жаңа кітаптарын таныстырды. Жас оқырмандар “Бақыт қызғалдағы” және “Жайдар есегінің шытырман оқиғалары” шығарма кейіпкерлерінің сырына қанықты, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі Облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жазушымен жүздесу “Сіздер үшін жасаймыз, балалар!” кітапхана жобасы аясында өтті.
Автордың жаңа ертегілері мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған. Олар достық, өзара көмек, жақсы және жаман істер туралы әңгімелейді, балаларды Қазақстанның табиғатымен таныстырады, мейірімділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті үйретеді.
– Ертегі идеясы Қаражалда көктемгі далада жүргенде пайда болды. Кішкентай, бірақ өте әдемі дала қызғалдақтары гүлдеді. Мен сары қызғалдақты кездестірдім, оның ішінде жапырақшалардың бірінде жүрек тәрізді қызыл дақ бар. Осылайша мен Қаражал туралы аңызды қағаз бетіне түсірдім. Кітап беттерінде Ұлытау облысының флорасы мен фаунасы бейнеленген. Балаларға кітапта кездесетін ертегі кейіпкерлері ұнайды деп үміттенемін. Бұл мейірімді пері Жұлдыз, сиқыршы Құрмудан, Жанбек тышқаны, Айсүлек торғайы және Айбек атты түйе, – дейді Наталья Инжевская.
Қаражал балалар кітапханасында кітаптың шығуына арналған суреттер байқауы өтті. Дала гүлінің бейнесі үшін 14 жас қаражалдықтар сертификаттармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Алдар Көсенің адал досы “Жайдар есектің шытырман оқиғалары” ертегісінің кейіпкеріне айналды. Ол Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі – Алматыға жетіп, ең дәмді алманың дәмін тату үшін жолға шығады. Жолда ол шытырман оқиғаларға тап болады.
– Келесі жылы осы сериядан тағы екі кітап шығаруды жоспарлап отырмын. Мен көптен бері жұмыс істеп келе жатқан суретші Роксана Петроваға ерекше алғыс айтқым келеді. Керемет иллюстрациялар шықты. Сонымен қатар, менде Лёлька есімді қыз бала туралы қызықты өлеңдер кітабы бар. Оқырмандар осы жас қыздың бейнесін жасауға көмектеседі. Кітапханада байқау басталады, – деді жазушы.
Автор Қарағанды облысының балалар кітапханаларына жаңа кітаптар сыйлайды. Бірнеше даналар Волгоград оқырмандарына жеткізіледі.
Айта кетейік, Наталья Инжевская – “Алинканың тапқыр ойлары” балалар кітаптары сериясының, Қарағанды туралы бес томдық кітаптың, француз әңгімелері және т. б. авторы.