Қазақстанда киім бағасы 15%-ға қымбаттаған
Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бір жылда киім 14,6% қымбаттаған, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы energyprom.kz порталы зерттеу жүргізді.
Киім бағасы Астана қаласында айтарлықтай шарықтаған. Бір жылда бағалар бірден 25%-ға көтерілген. Келесі орында Қызылорда облысы – 19,8% және Ақмола облысында баға 19% қымбаттаған.
Бір жылда баға өсімі – ерлер киіміне 14% қымбаттаса, әйелдер киіміне 14,1% және балалар киіміне 17,2% қосылған.
Айта кетейік, осыған қарамастан биыл елімізде киім өндірісі 43,1 млрд. теңгеге жеткен, бұл былтырғымен салыстырғанда 12,7% артық.
Импорт бойынша: биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізге жалпы құны 888,9 млн АҚШ доллары болатын 71 мың тонна трикотаж және тоқыма киім импортталған.
Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл былтырғымен салыстырғанда 2,9%-ға аз. Импорт бойынша жетекші ел – Өзбекстан болды: 10,2 мың тоннаны құрады.
ТМД-дан басқа елдерден Қазақстанға 54,1 мың тонна киім импортталды, былтырғымен салыстырғанда 17,8% көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізуші елдер Қытай мен Түркия.