Ресми

Қазақстан азаматтығын аларда қазақ тілін білу кімдерге талап етілмейді?

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанның қандай азаматтарына қазақ тілін білу талап етілмейтіні жөнінде айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

Сурет интернеттен алынды

Үкімет басшысының айтуынша, этникалық қазақтарға, кәмелетке толмағандарға, жақын туыстары Қазақстанда тұратын шетелдіктерге, жұбайы қазақ немесе қазақ шетелдіктерге, Қазақстан алдында ерекше еңбегі еленген азаматтарға қазақ тілін білу талап етілмейді.

Ал қалған азаматтар Қазақстан азаматы болу үшін қазақ тілін білуі керек. Смайыловтың айтуынша, бұл азаматтық алған адамдардың қоғамға тез бейімделуіне мүмкіндік береді.

«Сондықтан мұндай емтихан тапсыру керек деп есептейміз. Бұл нормалар қазір Үкіметпен келісу сатысында. Жақын арада заң жобасы Парламентке жолданады. Жалпы біз бұл нормаларды қолдаймыз және оларды заңнамаға енгізу қажет деп есептейміз. Мұндай жоба халықаралық тәжірибеде бар. Көптеген елдерде азаматтық алу үшін мемлекеттік тіл мен тарихты білу, сондай-ақ тиісті емтихан тапсыру қажет. Мысалы, Германияда, Түркияда, Канадада, Ресей Федерациясында осындай талаптар бар. Сондай-ақ қылмыс жасаған адамдар азаматтық алуға өтініш бере алмайтынын атап өткім келеді», – деді Премьер-Министр Сенат отырысында.

Басқа материалдар

Back to top button