Жаңалықтар

Планшеттер оқулықты алмастыра ма?

Ата-аналар балаларының күн сайын ауыр сөмке арқалайтынына алаңдаулы еді. Енді келесі жылдан бастап, 400 мыңнан астам 1-сыныпқа баратын оқушыларға планшеттер берілетін болды. Бұл – оқулықты алмастыра алмайды, әрине. Дегенмен, оқушылардың білім алуына қосымша құрал бола алады әрі оқушы сөмкесінің салмағын азайтады. 

Балаларға электронды күнделіктер, оқулықтар мен цифрлы білім беру ресурстары орнатылатын планшеттермен қоса бұрынғыдай баспадан шыққан оқулықтар да беріледі. Осылайша цифрлы сабақтарға, жаттығуларға және тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады. Сондай-ақ, баспа оқулықтарын пайдаланған соң, мектепте қалдыруға, үй тапсырмасын орындап, қосымша білім алу үшін электронды құрылғыларды қолдануға мүмкіндік алады. Демек, оқушылар өз ыңғайына қарай не планшетті, не оқулықтың өзін пайдалана алады. Таңдау құқы балалардың өзінде. 

«Планшеттердің көмегімен балалар цифрлы сабақтарға, жаттығулар мен тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады. Интернеті нашар өңірлер үшін жүктелген цифрлы сабақтарды, тапсырмаларды, білім беру ресурстары және оқулықтарды офлайн пайдалану мүмкіндігі болады. ЦДИАӨМ-мен бірлесіп оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Егер қандай да бір себептермен бала планшеттерді қолданғысы келмесе, онда ол әдеттегідей дәстүрлі оқулықтарды және стационарлық құрылғылардан білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Яғни планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, бұл – оқудың қосымша ресурсы. Таңдау ата-аналар мен оқушылардың еншісінде болады», – дейді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button