Руханият

Димаш Құдайбергеннің концерті Малайзияда өтпек

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда «Axiata Arena Bukit Jalil» аренасында тұңғыш рет қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» жеке концерті өтеді.

Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Концерттің өтетін күні: 2022 жылғы 19 қараша, басталуы сағат 20:30-да. Ұйымдастырушы: ACO MEDIA Билеттерді сату 21 қазанда сағат 11:00-де Ticket2U сайтында басталады, – деп жазды Қанат Айтбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өткен болатын. Бұл – Димаштың Қазақстанда өткен алғашқы концерті еді. 

«Бұл концертті осындағы ағайынға, жерлестеріме алғаш рет беріп отырмын. Ол тіпті мен үшін емтихан десем де болады. Сонымен қатар, сіздердің көңілдеріңізден шығып, баталарыңызды алу үшін алғаш рет осында келіп тұрмыз. Жалпы, мен 15 жасымда дәл осындай лық толы стадионда халықпен бірге ән орындасам деп армандайтын едім. Сол арманым сіздердің арқаларыңызда орындалып жатыр,- деген еді әнші концерт алдында.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button