Жаңалықтар

Қарағандылық жеңіл атлет Азия чемпионатында қос медальға қол жеткізді

Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз Алина Чистякова қос медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі.

Халықаралық жарыс Кувейтте өтті. Чемпионатқа әлемнің 30 елінен келген спортшылар қатысты.

Алина Чистякова жеті сайыста алғашқы орынға ие болды. Биіктікке секіруде спортшы күміс алды.

Жеңіл атлет Алина Чистякова Ә. Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде оқиды.

Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Андрей Агеев чемпионатқа қатысқан барлық спортшылардың жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.

– Біз Алина мен оның жаттықтырушысы Светлана Казанинаны Азия чемпионатындағы тамаша өнерімен құттықтаймыз. Біздің өңірден құрлықтық біріншілікке төрт спортшы қатысты. Чемпионатқа қатысқан басқа да балалар жақсы нәтиже көрсетті. Қазақстан құрамасы осы чемпионатта бесінші жалпы командалық орынға ие болды – үш алтын, үш күміс және бір қола. Біздің Алинаның медальдық сынаққа өз үлесін қосқаны қуантады, – деді ол. 

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Back to top button